Өз тандауыңызды дұрыс жасаңыз - Арқалық көпсалалы колледжіне түсіңіз!
Кіру
AA+
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Мауленова 26 көшесі
+7 (71430) 7 79 89
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Оқуға түсу
Өз тандауыңызды дұрыс жасаңыз - Арқалық көпсалалы колледжіне түсіңіз!
"Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі" мекемесі

Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі әлеуметтік серіктестіктер мен ата-аналарды 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз. Алғыс айту күні-бұл көп ұлтты Қазақстан халқының мұрасына айналған татулық пен келісім, ізгілік пен мейірімділік, береке мен бірлікке үндейтін ізгі дәстүріміздің мызғымас тірегіне айналған күн. Сыйластық пен құрметтің бастауына айналған мерекеде, мол денсаулық , шаңырақтарыңызға шаттық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің әкімшілігі 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Арқалық қаласының станция басшысы Нұрхан Батырханович пен орынбасары Серкебай Мақсұтбековичке студенттерді  өндірістік тәжірибиеден жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысып, зор үлес қосқандары  үшін  үлкен алғыс білдірді.   Сонымен қатар Халық банк басшысын Ақбала Диханбаевнаны Алғыс айту күнімен құттықтады.  Зор денсаулық, бақ-дәулет, теміржол саласын ілгері өрлетуде жемісті еңбек тілейміз.

Ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектері үшін, саналы ұрпақ тәрбиесінде  алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болған колледж Ардагер-ұстаздарын 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай колледж әкімшілігі құттықтады. Сонымен қатар колледжіміздің ардагер бас бухгалтерге алғыстарын айтты.Зейнет демалысындағы  ғұмырлары ұзағынан,көрер қуаныштары молынан болсын!

1 наурыз Алғыс айту күніне орай ТТ- 30 тобының білім алушысы Қуанышбай Мерейдің және ТТ-10 тобының білім алушысы Байдилдин Нұрасылдың  ата-анасына шын жүректен алғыс білдірді. Сіздердің перзенттеріңіздің оқудағы жеткен жетістектері мен толағай табыстары тек ұстаз берген білімнің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар ата-ананың қамқорлығы, ыстық ықыласы мен махабаттының жемісі. Деңдеріңізге саулык, шаңырактарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» челленджінің қарсаңында зейнеткер Сайбулова Амина Амиргазиноваға Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің “Феникс” еріктілер үйірмесінің мүшелері ауланы қардан тазартуға көмектесті.