Қостанай қаласында өткен «Көшбасшылар мектебі» жиынына Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің парламент мүшелері мен белсенді студенттері қатысып, басталып кеткен оқу жылына жоспарлар құрып, облыстың басқа да белсенді студенттерімен тренингтер өткізіп, әр фракция бойынша жиналыстар ұйымдастырылды. Студенттердің өзін-өзі басқару кеңесін әрі қарай дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.