Өз тандауыңызды дұрыс жасаңыз - Арқалық көпсалалы колледжіне түсіңіз!
Кіру
AA+
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Мауленова 26 көшесі
+7 (71430) 7 79 89
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Оқуға түсу
Өз тандауыңызды дұрыс жасаңыз - Арқалық көпсалалы колледжіне түсіңіз!
"Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі" мекемесі

Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінде «Макулатураны жинап-ағашты сақта» атты әлеуметтік жоба аясында макулатура жинау  акциясын ұйымдастырды. Акцияның мақсаты: Білім алушыларға қағазды үнемді пайдалану қажеттілігін дәлелдеу арқылы табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға үйрету.

Акция өткізу арқылы оқушыларды табиғи ресурстарды сақтауға және қаланы қағаз қоқыстардан тазартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жұмысқа тарту;Бір ағаш кеспес үшін қанша макулатура жинап, қайта өңдеуге болатынын білу керек. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде және біздің елімізде де макулатура жинап, оны екінші өңдеуден өткізу, ормандағы ағаштарды кесуден сақтаудың бірден –бір жолы деп ойлаймыз. Сондықтан біз үй жағдайында қоқыс қалдықтарын сұрыптап, макулатураны бөлек жинауды бастадық. Білім алушылар макулатура жинап тапсырды. Табиғатты қорғап аялауға өз үлестерін қосты. Жиналған макулатураны арнайы макулатура жинайтын орындарға өткіземіз. Макулатураны өткізбес бұрын тапсырылған кітап, оқулықтар, газеттер мен журналдар іріктеуден өткізілді. Пайдалануға жарамды әдебиеттерді және мерзімді басылымдарды колледж кітапханасына тапсырып және колледж фойесіндегі буккросинг бұрышында орналастырды. Интернет мәліметтері бойынша 60-тан 100 килограммға дейінгі макулатура 1 ағашты сақтап қалуы мүмкін деген тұжырым бар. Сондықтан біз бір апта ішінде барлық колледж білім алушыларымен және ата-аналарымен бірге 8 ағашты сақтадық. Бұл жұмысты жалғастыра отырып, біз жыл ішінде қанша ағашты сақтай алатынымызды жоспарладық. Ал бұл біздің қаламыздың қоршаған ортасын сақтауға баға жетпес қосқан үлесіміз болып табылады. Акцияға үлесін қосқан барша білім алушылар мен ата-аналарға ризашылығымды білдіремін.