ҚазТұтынуОдағы Арқалық көпсалалы колледжінің бағдарламасына сәйкес 2023 жылдың жиырма алтыншы желтоқсанынан бастап, "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығының екінші курс тобының білім алушылары колледждің әлеуметтік серіктесі "Қазақстан темір жолы" АҚ Қостанай темір жол бөлімшесінің Арқалық станциясында оқу-танысу тәжірибесінен өтуде.
Негізгі мақсаты станция бас инженері Шарменов Д.Г үлкен тәжірбиесіне сүйеніп, кәсіптік дағдыларды дамыту, жалпы кәсіптік құзыреттіліктерді дамыту, заманауи өндірістік процестерді игеру және де станция қызметінің жағдайына бейімделу болып табылады.
Студенттердің өндірістік тәжірибеде алған құнды білімдерін болашақта үлкен мақсаттарға жету үшін пайдаланады деген үміт артамыз.