Өз тандауыңызды дұрыс жасаңыз - Арқалық көпсалалы колледжіне түсіңіз!
Кіру
AA+
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Мауленова 26 көшесі
+7 (71430) 7 79 89
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Оқуға түсу
Өз тандауыңызды дұрыс жасаңыз - Арқалық көпсалалы колледжіне түсіңіз!
"Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі" мекемесі

Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Осы атаулы мерекеге орай Аркалык көпсалалы колледжінде « Менің елім»атты білім алушылармен бірге мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараға әр топ студенттері өз патриоттық сезімдерін көрсете отыра белсене ат-салысты. Осы орайда қазіргі жастардың яғни біздің колледжіміздің білім алушыларының айтқан пікірлерін айта кетуді жөн көрдік.

Жастарымыз Республика күнінің аталып өтілуіне өз пікірлерін ашық жеткізді.

 

«Есеп және аудит» мамандығының 1курс студенті Бектұрсынова Майя: Республика күні аталып өтілуі керек деп ойлаймын. Себебі ата-бабамыздың қолы еркіндікке, егемендікке дәл осы күні жетті. 1991 жылы алған тәуелсіздігіміз 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасын амалсыз еске түсіреді. Ол күн – аза тұту күні, тәуелсіздік алуға үлес қосқан батырларымызды ұлықтайтын күн. Менің ойымша, Республика күні егемендігімізді, тарихымызды ұрпақтың санасынан жойып алмау үшін керек. Алғаш рет дәл осы күні біз өзімізді республика ретінде әлемге таныта бастадық. Тәуелсіздікті алуымызға дәл осы күні күшіне еңген декларация себеп болғанын естен шығармауымыз маңызды.

 

Республика күніне орай концерттік бағдарламамызда студенттер өз патриоттық сезімдерімен әнұран орындап, ән айтып, би билеп, туымызды желбіретіп, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігін көрсете алды.

«Темір жол көлігінде тасымалдаулы ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 2курс студенті Кенжебек Бек: Әрине, айтулы дата болғаны абзал. Бірақ мағынасына, мәніне үңілетіндей құндылықтарды халық санасына ұқтырғанымыз жөн. Яғни бұл қаузап отқан Республика күні деген дата сыныққа сылтау іздеп халықтың қазынасынан болмайтын шараға қаражат жарату емес, рухани толысуымыз үшін ғана ұйымдастыруымыз керек. Әйтпесе, бізде мейрам көп қой. Сондықтан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай бекіткеніміз дұрыс.

 

Мерекелік іс-шараның мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.

 

Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, «25-қазан Республика күні» – ұлттық мерекеге, ал «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» – мемлекеттік мерекеге айналды.

 

Бұл – тәуелсіздік күнін «еске алу», «қазалы күн» деген тіркестермен халық санасына сіңіру болып тұр. Биыл бәрі өзгермек. Әр мерекеге тарихи баға беріліп, халық санасына қозғау салатындай бағдар көрсетілді.

 

13 жылдан кейін оралған Республика күні бәрімізге құтты болсын!