2022 жылғы 15 қарашада Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінде жұмыс берушілер күні аясында әлеуметтік әріптестер мен жұмыс берушілер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс берушілермен ынтымақтастық болды.
Қонақтар студенттерге кадрларды даярлаудың негізгі талаптары, оның кәсіби міндеттерін табысты орындауы үшін қажетті жұмыскерлердің еңбек функциялары, білімі, іскерліктері; кәсіпорындардың табысты жұмыс тәжірибесі, кәсіпорындардың жетістіктері мен даму перспективалары; колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру және оқыту кезінде жоғары уәждеме қажеттілігі туралы айтып берді.