Тіліңізді таңдаңыз

Қазтұтынуодағының Арқалық көпсалалы колледжініңресми сайтына қош келдіңіздер!

Біз – аймақтағы замануи білім беру ордасы

ретінде жастарға сапалы кәсіптік білім ұсынамыз. Колледж еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, өз ісінің шебері болатын білікті мамандарды даярлайды. Логистика және көлік саласына қызығушылық танытатындар үшін «Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы қарастырылған. Қаржылық сауаттылықты меңгергісі келетін жастар «Есеп және аудит» немесе «Банк және сақтандыру ісі» бағыттарын таңдай алады. Болашақ заңгерлерге «Құқықтану» мамандығы бойынша іргелі білім беріліп, заң саласының қыр-сыры үйретіледі. Ал ақпараттық технологиялар әлеміне қадам басушылар «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша білім ала алады. Колледжде тәжірибелі ұстаздар дәріс береді және студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Қазтұтынуодағының Арқалық көпсалалы колледжін таңдап, жарқын болашаққа сенімді қадам жасаңыз!

Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген мамандарды дайындау.

Білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру,ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары,  терең біліммен қаруланған, еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз ететін,  өз мамандығы бойынша қажетті теориялық білім мен тәжірибесі  бар білікті  маман дайындау.

- білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік және нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;
- жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс –тәсілдерді оқу үрдісіне енгізу,барлық оқу сабақтарының әдістемесін жетілдіру;
- білім алушылардың кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын әлеуметтік серіктестіктер көмегімен жетілдіру, дуалды оқыту жүйесін дамыту;
- педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін, біліктіліктерін арттыру;
- оқытушылардың озық іс-тәжірибесін , ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарын зерделеу, жинақтау, тарату;
- оқу орнының кітапхана қорын молайту, материалдық – техникалық базаны нығайту.

Image
Image
Image
Image

Мекен-жайымыз

Заңды мекен-жайымыз: Қостанай облысы,

Арқалық қаласы, 110300, Мауленова 26 к-сі

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма: 8.00 – 18.00