Колледжге оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Колледжге тиісті білім деңгейі бар тұлғалар оқуға түсе алады. Оқыту ақылы негізде, ал бөлінген орындар болған жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жүргізіледі. Мамандықтар тізбесі мен орындар саны қабылдау науқаны аясында жарияланады.
Оқуға түсу тәртібі:
- Мамандық пен оқу нысанын таңдау.
- eGov.kz порталы арқылы өтініш беру немесе колледждің қабылдау комиссиясына жүгіну. Өтініш берген кезде төрт колледждегі төрт мамандыққа дейін таңдауға болады.
- Жарияланған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсыну.
- Таңдалған білім беру бағдарламасында көзделген жағдайда әңгімелесуден немесе қабылдау емтиханынан өту.
- Іріктеу нәтижелерімен танысып, оқуға қабылдануды рәсімдеу.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағдарламаларына қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі. Орта буын мамандарын даярлау бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберіндегі орындарға конкурстық балл ескеріліп, конкурс өткізіледі. Өтініш беру мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын алуға кепілдік бермейді.
Қабылдау комиссиясы: Арқалық қаласы, Мәуленов көшесі, 26.
Телефондар: +7 (71430) 7-79-89, +7 (775) 473-20-91 (Бауыржан)
Электрондық пошта: