
Нурмагамбетов Ержан Даулетович - білім беру саласының басшысы, экономика ғылымдарының магистрі, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 14 жылдан астам еңбек өтілі бар педагог.
1989 жылғы 9 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімді маман. З. Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін және Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған. 2015 жылы «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2008 жылы Арқалық көпсалалы колледжінде бастаған. Осы оқу орнында лаборант, оқытушы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2025 жылдың тамыз айынан бастап Қазтұтынуодағының Арқалық көпсалалы колледжінің директоры.
Кәсіби қызметінде білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және оқу-өндірістік үдерісті тиімді ұйымдастыруға басымдық береді.

Сулекеева Загила Каппасовна 1985 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты «физика және математика» факультетін үздік бітірген. 1989 жылы Қызыл жұлдыз ауылы мектебінде мұғалім болып қызмет істеді. 1995-2004 жылдар аралығында Амангелді ауданы Н.К. Крупская атындағы орта мектепте мамандығы бойынша жұмыс атқарды. 2004 жылдан бастап Арқалық көпсалалы колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өзінің тоериялық білімі жоғары, тәжірибесі мол мұғалім екенін көрсетті. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істейді. 2015-2016 оқу жылынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Оқытушы өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігінің арқасында білім алушылар, әріптестері арасында беделді, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, пәндік циклдік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, жас педагог мамандарға әдістемелік көмек көрсету бағытында жан-жақты жұмыстар жүргізеді. Көптеген конференцияларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар алған. Атап өтер болсақ, 2020 жылдың ақпан айында «Менің инновациялық сабағым» атты І Халықаралық оқытушылар сайысында қатысып «Ізденген жетер мұратқа» номинациясы бойынша жүлделі 2 орын алды. «Қазақстан кәсіпкері», «Мәртебелі мамандық» т.б. республикалық басылымдарда ашық сабақтары мен мақалалары жарияланды.

Білімі: жоғары
Оқу орны: «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті», «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті»
Квалификациялық категориясы: педагог-модератор
Мамандығы: 10410200 «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»;
Арнайы пәндер оқытушысы.
Жетістіктері:
-Қазтұтынуодағы басқармасының «Құрмет» грамотасы 2026 ж;
-Медаль «Ең үздік ұстаз» 2018 ж;
-Қостанай облысы әкімінің грамотасы 2020, 2022, 2023 ж.ж;
-Білім бөлімінің грамотасы 2018, 2021, 2023 ж.ж;
-Арқалық қаласы әкімінің грамотасы 2020, 2022, 2024 ж.ж;
-Диплом I дәреже «Ұлы Дала Ұстазы» 2022 ж;
-Алғыс хат «WORLD SKILLS-2022, 2023 ж.ж»;
-Алғыс хат «Startup 2023 ж»;