Тіліңізді таңдаңыз

Салауатты қарым-қатынас: қызыл және жасыл жалаулар

Колледждің жас педагогтері мен жақында отбасын құрған қызметкерлері арасында «Салауатты қарым-қатынас: қызыл және жасыл жалаулар» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар қарым-қатынастағы «қызыл жалаулар» — алаңдататын және жағымсыз белгілерді, сондай-ақ «жасыл жалаулар» — сенім, сыйластық, қолдау және түсіністікке негізделген салауатты қарым-қатынастың белгілерін талқылады.

Жағдаяттарды талдау, пікір алмасу және интерактивті тапсырмалар арқылы қатысушылар өзара құрмет, ашық диалог, жеке шекара және отбасындағы қолдаудың маңыздылығына назар аударды.

Салауатты қарым-қатынас — бақытты отбасы мен үйлесімді өмірдің маңызды негізі!

Мекен-жайымыз

Заңды мекен-жайымыз: Қостанай облысы,

Арқалық қаласы, 110300, Мауленова 26 к-сі

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма: 8.00 – 18.00